Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрғындар электронды төлем түрін пайдалануда

11.05.2021, 16:30 290

HALYQLINE.KZ Қала әкімі Ғанибек Қазантаев қоғамдық көлікке мініп, жолаушылар тасымалының сапасын және әлеуметтік маңызы бар бағыттардағы жолақысын төлеудің электрондық жүйесінің пайдаланылу деңгейін назарға алды.

Қоғамдық көлікке мінген қала әкімі автобустардың тазалығына көңіл аударып, тұрғындармен тілдесіп, жолаушылар тасымалына қатысты пікірлерін тыңдады.

Қазіргі таңда қалаішілік 25 бағытқа және 8 қала маңына қатынайтын барлығы 33 бағытқа, 585 автобус екі ауысыммен қызмет көрсетсе, оның 135-і – автопарк теңгеріміндегі автобустар. Жеке тасымалдаушылармен келісім шарт негізінде 450 дана автобус халыққа қызмет көрсетіп келеді.

Айта кетейік, 2020 жылы әлеуметтік маңызы бар 5 бағытқа жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі енгізілген болатын. Өткен жылы 57 мыңға жуық тұрғын аталған жүйенің игілігін көрсе, 2021 жылы 413 мың 589 жолаушы жол ақысын төлеуде электрондық төлем түрлерін пайдаланған. Бұл қоғамдық көлік қызметін пайдаланған жолаушылардың 40% құрайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: