Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұмшаланған қара түнектен сақ бол, қазақ қызы!

03.05.2023, 15:05 292

HALYQLINE.KZ

1919 жылы Ауғанстандағы феодалдық құрылысты құлатқан прогрессивтік көзқарастағы билік ауған әйелдеріне теңдік алып беріп, сайлауда ер адаммен бірдей дауыс құқығына ие болды. 1950 жылы заңды түрде тыйым салып, паранжы киіп жүруінен құтқарып, көшеде күйеуінсіз жалғыз жүріп тұруына қол жеткізді. 1960 жылы Ауған конституциясында әйелдердің құқы ер адаммен бірдей деп жазылды. Әйелдер арнаулы және жоғары оқу орындарында оқып, мұғалім, дәрігер, заңгер мамандығын алып, қызмет істей бастады. 1965 жылы бірінші рет әйел сенатор болып сайланды, 1966-1971 жылдары 14 әйел судья болып тағайындалды. Ауған әйелдері тұмшаланған қара түнектен құтылып, ол кезең енді қайтып келместей болып көрінген…

Содан кейінгі оқиғалар көз алдымызда өтіп жатты… Ауған жерінен кеңес әскері шығарылған соң билік басындағы генерал Наджибулланы аяғынан асып өлтірген соң, 1994 жылы талибандар Қандығарды басып алды. 1996 жылы ел астанасы Кабулда билікті басып алып, бетімен кеткен әйелдерді «Шариғат жолына» түсіру процесі басталды. Оқыған мұғалім, дәрігер, заңгер, кітапханашы әйелдер «шариғаттың моральдық қалпынан шыққаны» үшін түрмеге жабылып, адам айтқысыз азаптаудан соң, таққан айыбын «мойындаған соң» дарға асылды.

Қазір әйелдер көшеге паранжы жамылып, тек күйеуімен ғана шыға алады. Тарих қайталанады деген осы, қазақ қызы! (Қазіргі кезде арабқа тұрмысқа шығуға талаптанып жүрген қазақ қыздары есіңде болсын).

Бақытжан  Абдуллаұлы,

тарихшы

Ашық дереккөзден алынған суретте: ХХ ғасырдағы ауған студент қыздары

мен ХХІ ғасырдағы ауған әйелдері.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: