Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі қаралды

02.04.2021, 17:00 157 0

HALYQLINE.KZ 2021 жылдың 31 наурызында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.О.Қожахметовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің ұжымымен «Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» РММ-нің басшылығына жымқыру дерегімен күдік келтіру туралы қылмыстық ісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабының тәртібі негізінде енгізілген ұсыну қаралды.

Кездесу нәтижесімен, басшылық тарапынан бақылауды күшейтумен, мекеменің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында ішкі талдау жұмыстарын аяқтауды, кінәсіздік презумпциясын ескере отырып, соттың айыптау үкімі шыққаннан кейін барлық кінәлі тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарап, шешу ұсынылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының талаптары түсіндірілді. Іс-шараның соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік роликтер көрсетілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: