Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тілсіз жау толық өшірілді

25.06.2020, 15:40 536

HALYQLINE.KZ Ағымдағы жылғы 24 маусым күні 09 сағат 00 минутта Қызылорда қаласы, Жеңіс көшесіндегі «Бақша сарай» мейрамханасының өртеніп жатқаны туралы Өртке қарсы қызметіне хабар түсті.

Аталған шақырту бойынша өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы жедел жетіп, барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тілсіз жау мансардтық типтегі жазғы аумақта болып, қатты жел салдарынан Жеңіс көшесі 2 үйдің ауласында орналасқан қосымша құрылысқа және Қизатов көшесі №43 үйдің мал қорасына таралып жанған.

Оқиға орнында жедел әрекет ету штабы құрылып, өрт сөндірушілердің күшімен тұрмыстық 27 және 50 литрлік 2 дана газ баллоны шығарылды. Өрт сөндірушілердің біріккен іс-қимылдарының нәтижесінде тілсіз жаудың өзге де тұрғын үйлерге таралуына жол берілмей, толық жойылды.

Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. Өрт оқиғасы орнынан жергілікті және республикалық телеарналарға Қызылорда облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Р.Қайрақбаев сұхбат берді.

Әлия ЕРЕЖЕПОВА,

Қызылорда облысы ТЖД

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару

жұмыстары қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: