Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тілдердің дамуы – ұлттық қауіпсіздіктің кепілі

29.04.2024, 9:00 200

HALYQLINE.KZ

Бүгінгі қазақ тілінің тұғыры – Конституция. Барлық білім ордасында қазақ тілінің оқыту кеңістігі жеткілікті. Мәселен, елдегі 7771 мектептің 4317-сі – таза қазақтілді мектептер. Оның үстіне қазақ мектептеріндегі бірінші сыныпқа бару көрсеткіштері бір ауысымда он екі-он үш сыныптарға дейін демографиялық толқын деңгейінде өсімді көрсетуде. Әрине, бұл – өте жақсы даму. Одан өзге, ақпараттық саясаттағы мемлекеттік тілдің қолданысы осыдан он жыл бұрынғы даму көрсеткіштен үш есе өскен. Әрбір тұрғынның бестен үші қазақтілді контентті қолданады.

Қазір қазақ аудиториясының өзі мемлекеттік тілдің табиғи даму тұрғысында ақырындап жүруіне көнді, мемлекеттік тіл саясатына жауапкершілікті арттырып қойды. Кейде тілді саяси құрал ретінде қолданып кететіндер бар. Ол да дұрыс, ана тіліміздің қорғаны бар екенін қоғам сезінуі тиіс. Бірақ ұлттық қауіпсіздіктің шегіне апармауы керек. Алайда, ұлтаралық тұрақсыздықты қалыптастыруға тілдік факторды пайдалану ниеттің барын да жоққа шығармау – мемлекеттік саясаттың еншісінде.

Мемлекет басшсы Қ.Тоқаевтың бір пікірінде, ана тілін дамытуда өзге тілді, орыс тілін шектеуге апармау керектігін баса айтқан болатын. Осы ретте, Президент бастамасымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымында келер жылды «Орыс тілі» жылы етіп қабылдауды, арнайы халықаралық ұйым құру қажеттігін де айтқаны есімізде. Мәселе, орыс тілінің басымдығы емес, оның БҰҰ-ның басты он халықаралық қатынас тілінің бірі ретінде, аймақтық кеңістікте ортақ мәдени даму байланыстарында дұрыс қолданысы маңызды болмақ.

Кез келген ұлттық мемлекет мемлекеттік тіліне ерекше мән береді. Өйткені, тілдің дамуы – тұтас әлеуметтік қоғамның бірден-бір аспектісі. Егер тіл ғылым не білім, ақпараттың басты құралы болмаса, ұлттық қауіпсіздіктің бұзылуына әкелуі ықтимал. Сол себепті, мәдени толеранттылықтың тілдік қатынасқа, мәдени ынтмақтастықтың дамуына ықпалы зор.

Елімізде 3454 орыс және аралас мектеп осы сарында тілдік рухани организмде дамып, өмір сүруде. Осы ретте, қоғамның көпэтносты мәдени дамуының жан-жақты көркеюіне тұрақтылық пен келісімнің әсерін көруге болады. Сондықтан, ел Конституциясында азаматтарымыздың қай тілде білім алып, қоғамдық қатынас орнатуына кең мүмкіндік берілген. Бұл жағынан, Қазақ елі БҰҰ-ның Адам құқығы Деклорациясында белгіленген басты қағидаларына берік әрі үлгілі өркениетті даму тәжірибесімен айқындалатыны анық.

Қазақ тілінің тұрақты дамуына елдегі «Қазақ тілі» қоғамының бастамалары барлық салада мемлекеттік тіл қолданысының маңыздылығын көрсетуде. Осыдан Президенттің тіл мәселесіне терең бойлайтын, қазақ тілінің өркен жайып, кең қолданысына ықыласты һәм тіл жанашыры екенін байқаймыз.

Елдегі ішкі ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығына мемлекеттік тілдің орны, одан бөлек барлық жергілікті халықтың өз тілдерінің өркендеуіне легитимді даму кепілдігіне бүгінгі жасампаз қазақстандық қоғамы дәлел. Бұған ел Президенті де кепіл. Ал ата Заңымыздың тетігі, қазақ тілі мен өзге тілдерге мүмкіндік беретін, ұлттық қауіпсіздіктің шайқалмауының тұғырлы қазығы болатыны айғақ.

Мақсат  ЖАҚАУ,

саясаттанушы

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: