Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ТикТок факультеті ашылды

18.09.2021, 16:30 120

Украиналық әнші және тиктокер Михаил Поплавский Киев мәдениет және өнер университетінде ТикТок факультетін ашты.

Бұл – Украинада ғана емес, әлемдегі алғаш ашылған факультет. Факультетте оқу Киев мәдениет және өнер университетінің барлық студенттері үшін ақысыз болады.

Поплавскийдің айтуынша, болашақ әлеуметтік желілерге тиесілі болады, сондықтан жастарды әлеуметтік желілерде жұмыс істеуге үйрету керек.

«Менің мақсатым – ТикТокты украинизациялау, елдің жаңа тарихын жасайтын креатив және болашағы зор жастарды басқару. Біз нөлден бастап үйретеміз және әрбір түлекке диплом беріледі», – деп жазды Тиктокер.

Айта кетейік, Михаил Поплавский 1993-2015 жылдар аралығында Киев ұлттық мәдениет және өнер университетінің ректоры болды. 

massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: