Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Террорлық шабуылдан жарақат алғандар сауығып келеді

12.01.2022, 16:15 198

HALYQLINE.KZ Өңірде антитеррорлық операциялар әлі де жалғасып жатыр. Полиция органдарына жеткізілген адамдар саны 500-ден асып кетті, деп хабарлайды Хабар 24.

Олардың әрқайсысының іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. 184 тұрғын әкімшілік жауапқа тартылып, 72 азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды. Облыс бойынша 28 блок бекет жұмыс істеп тұр. Өткен бір тәулік ішінде төтенше жағдай режимін бұзған 100 адам ұсталды. Бүгінге дейін 204 адам медициналық мекемелерге жүгініп, соның 48-і ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 5 полиция мен 1 әскери қызметші бар. Соңғысы облыстық әкімдікті қорғау барысында басында жараланған. Бүлікшілерге қарсы жалаң қолмен шыққан сарбаз өртенген әскери көлік ішінде қалып қойған.  

Еламан Таужан, әскери бөлім сарбазы:

– Біздің адам санынан 5 есе көп болып келді сырттағы адамдар. Командир бізге қайтыңдар деп пәрмен берді. Кейін қарай қайту барысында Камазды өртенді. Сол кезде есімнен айырылдым. Бізге күш қолдануға рұқсат берілген жоқ. Қару-жарақпен тоқтатуға пәрмен болған жоқ командир атынан. Біз жай тоқтатқымыз келді. Олар бізге таспен сосын ішіне от салып бөтелкелер лақтырған болатын.

Гүлшара Әбдіқалықова, облыс әкімі:

– Қорықпай лаңкестерден қорғап, өз анттарыңа берік болып, халық үшін, тыныштық, бірлік үшін деп тұрдыңдар. Сондықтан ерліктеріңді ешқашан ұмытпаймыз. Ең бастысы денсаулықтарың жөнделіп кетсін. Сапқа қайтадан қосылыңдар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: