Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық оқушылар Республика күніне тарту жасады

23.10.2022, 18:45 355

Республика күні қарсаңында Қызылорда қаласында орналасқан «Мансап» мектебінің оқушылары арнайы сайт жасап шықты.
Үш тілде ақпарат алуға мүмкіндік беретін сайтта Сыр еліне келген қонақтар үшін Қызылорданың тарихы, тарихи жерлері, көне мәдениеті мен ескерткіштері туралы ақпарат орналастырылған.

Заманға сай көркемделген сайтта «Қала тарихы», «Ең жақсы орындар» және «Бағыт» тақырыбында бөлімдер қарастырылған.
Ендігі кезекте оқушылар жетекші мұғалімдерімен бірлесіп Қызылорда өңіріне келген қонақтарға арнап Гид жұмысын қолға алмақшы.

Сайтпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз: http://qyzyl-orda.tilda.ws/

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: