Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«PechaKucha» іс-шарасы өткізілді

14.11.2022, 9:30 284

HALYQLINE.KZ Кеше Қызылорда қаласында ерекше форматтағы «PechaKucha» іс-шарасы өткізілді. «PechaKucha» – түрлі тақырыптағы баяндамалар мен презентацияларды ұсынудың ерекше үлгісі. Яғни спикерлер 20&20 форматында ой бөлісіп, жаңа идеяларын ортаға салады. Дәстүрлі түрде бесінші рет ұйымдастырылған кеште бұл жолы цифрлық жобалар, халыққа қолжетімді мобильді қосымшалар таныстырылды. Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай өткен басқосуға облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов қатысып, салаға елеулі үлес қоқан бірқатар азаматқа облыс әкімінің алғыс хатын табыстады.

Сондай-ақ, спикер ретінде «Digital Qyzylorda» аясында мемлекеттік қызметтерді цифландыру барысын баяндады. Кешкі кездесуде спикерлер түрлі тақырыптарды қозғады. Гүлжазира Абдразақова «ІТ мектеп – мүмкіндік мекені», Шаризат Алмашова «Отбасының цифрлық картасы» жобасының ерекшеліктерімен бөлісті. Ал, Фархад Әбжаппаров «Цифрлы колледж», Роман Цой мен Асқар Райхан «Жусан» мобильді қосымшасының мүмкіндіктерін таныстырды. Темірхан Мұқанғали «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы арқылы қызылордалықтар 60-тан аса сервисті пайдалана алатынын жеткізді.

Айту керек, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен өңірде цифрлық жобалар сәтті жүзеге асып, жастардың озық идеясын қолдайтын түрлі ІТ байқаулар өткізілуде. Осыған дейін «Smart City Kyzylorda Hackathon» байқауы өтіп, үздік инновациялық жоба авторларына грант берілсе, желтоқсан айында INNOFEST байқауы өткізіліп, үздік инновациялық идеялар сарапқа түседі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: