Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Отандық сегментке DDoS-шабуыл жасалды

26.09.2022, 8:50 280

HALYQLINE.KZ

Мемлекеттік техникалық қызмет (МТҚ) Интернеттегі отандық сегментке жасалған ауқымды DDoS-шабуылдарды тіркегендерін хабарлады. Бұл байланыс операторларының магистральдық арналарындағы жүктеменің артуына әкеліп соғып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір мынандай жаңалықтар сайттарында қолжетімділік жағынан проблемалар байқалады: toppress.kz, newtimes.kz, sn.kz.

Мемлекеттік техникалық қызмет байланыс операторларымен бірлесіп маршруттарды оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстар жүргізіп жатыр, бұл кейбір сайттарда сырттан кірушілер қарқынының төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін.

МТҚ DDoS шабуылдары бірнеше шетелдік нүктеден жүзеге асырылғанын анықтады. Шабуылдар басқа аймақтарда да тіркелген. Мамандар бұл шабуылдардың өзара байланысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Бұған дейін «Қазақтелеком» 24 қыркүйекте отандық БАҚ-тарға жаппай шабуыл жасалғанын растаған еді. Компания мамандары маршруттарды қалпына келтіру және оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын хабарлады. Бұл жылдамдықтың ішінара төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін екені ескертілді.

Сурет: pixabay

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: