Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мақтансақ, қазақпен мақтанайық!

08.01.2023, 9:00 283

HALYQLINE.KZ

Қазақтың ерекше дарынды ұлы Әлиәскер Нұрмағанбет АҚШ-тағы «30-ға дейінгі 30 жас» атты бағдарламаның жеңімпазы атанып, «Fordes» журналы жүргізген әлемдік рейтинг бойынша қазақ баласының жобасы үздік деп танылды. Қандай жоба дейсіз ғой?

Әлиәскер Нұрмағанбеттің жобасы «қаржы қылмысымен күресудің жолдары» деп аталып, АҚШ үкіметінен қолдау тапты. «Fordes» журналы жыл сайын әлемнің дамуына ерекше үлес қосқан адамдардың тізімін жариялап тұрады. Осы тізімге қазақтың ұлының есімі енуі – айтулы оқиға!

Қазір Әлиәскердің қаржыны киберқылмыскерлерден қоғайтын жобасын АҚШ-тағы ғарыш, қорғаныс және федеральдық қауіпсіздік қызметі жоғары бағалап, өздерінің саласына қызметке шақырып отыр.

Әлиәскер АҚШ-қа 18 жасында келіп, сыра қайнату компаниясында жұмыс істеп, осы саладағы қаржы қылмысын анықтап, жеңіске жеткен болатын. Бірақ Әлиәскер Нұрмағанбеттің 10 млн доллар сертификатын жеңіп алған бұл жобасын Қазақстан үкіметі қолдап іске асыра ма?

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

Қазақстан  Журналистер  одағының  мүшесі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: