Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Instagram-да жаңа функция пайда болды

16.07.2022, 16:00 428

Instagram хат алмасу функциясын кеңейтті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Meta сайтына сілтеме жасап.

Компания мәлімдемесінде енді Instagram қолданушылары оқырманымен байланысу және ақпарат бөлісу үшін 30 адамға дейін чат құра алатыны айтылған. Сонымен қатар, жазылушылар чаты тікелей пайдаланушы жәшігінен немесе Storis-те ашуы мүмкін және чат 24 сағаттан кейін автоматты түрде аяқталуы мүмкін.

Сондай-ақ, жазылушылар қосымша бұрын шығарған жазылым стикеріне ұқсас «чатқа қосылу» стикерін пайдаланып чаттарға қосыла алатыны атап өтілді. Пайдаланушы бұл стикерді екі жазылушыға да жіберіп, оны Storis-ке тіркей алады, бұл жазылушыларға тікелей чатқа қосылуға мүмкіндік береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: