Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Геотехнология жобасы жүзеге асырылуда

29.05.2023, 16:30 170

HALYQLINE.KZ Облыстық білім басқармасының бастамасымен Қызылорда қаласындағы №282 мектеп-лицейінде «Геотехнология» жобасы қолға алынып жүзеге асырылуда.

Жобаның негізгі мақсаты – «Білімді Ұлт» Ұлттық жобасының жүзеге асырылуын қолдау және білім алушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамыту, география пәні мұғалімдерінің шығармашылық алаңы – «тірек білім беру ұйымы ретінде» қалыптастыру.

Аталмыш жоба аясында білім беру ұйымында географиялық алаң аясында зерттеулер жүргізіліп, география пәні бойынша Қызылорда облысын зерттеу, информатика пәні аясында жерді және кеңістікті цифрландыруды зерттеу, барлық пән бойынша факультативтік сабақтар мазмұнына «Геотехнология» жобасының терминдері мен мысалдарын, туған өлкенің географиялық атаулары мен нысандарын ендіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, “Гео-Өлшемдер” бейінді зертханасы арқылы география пәнін тереңдетіп оқыту есебінен «Гео-өлшемдер» арнаулы таңдаулы курсын енгізу қолға алынуда.

Бүгін «Геотехнология» жобасының таныстырылымы тірек мектебінде өткізілді. Шараға қаласы бойынша білім бөлімінің, облыстық оқу орталығының, білім беру ұйымдарының басшылары мен ата-аналар кеңесі және қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты.

Ұйымдастырылған шара барысында білім ордасында жүзеге асырылып жатқан басқа да жобалар мен жұмыстар көрсетілді. Сонымен қатар Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары мен пән мұғалімдерінің бірлескен шеберлік-сыныптары өткізілді.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: