Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Төсек арқылы тыңшылыққа тарту

07.05.2022, 10:00 641

HALYQLINE.KZ

«Қарлығаштар»  мен  «Қарғалар»

КГБ өзінің тыңшылық мақсаттары үшін «қарлығаштар» мен «қарғаларды» пайдаланып отырды. Барлау жұмысына сұлу әрі денесі сымбатты қыздарды арнаулы дайындықтан өткізіп, романтикалық атаумен «қарылғаштар» деп атады. Олар өзінің ажарын төсек қатынасынан ләззат алу үшін емес, нағыз патриот ретінде мемлекет мүддесі үшін де пайдаланды. (Әрине тегін емес). Солардың ішінен екі Лариса мен Виолетта туралы айтуға болады. Сондай қарылғаштардың бірі совет кино актрисасы Лариса Кронберг еді, ол туралы шетелге қашып кеткен КГБ қызметкері Юрий Коротов арқылы белгілі болды. Әйтпесе барлау органдары өздерінің құпия агенттерін еш жерде жарияламайды, алған ақпарын тек лақап аттары арқылы хабарлап отырады.

Арнайы тапсырма алған Лариса Кронберг СССР-дегі Франция елшісі Морис Дежанмен театрда кездейсоқ танысқан болып, басын айналдыра бастайды, қазақтың «адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше» дегендей, бір-бірін көрмесе тұра алмайтындай жағдайға жеткенде, Морис Дженан әйелі еңбек демалысын алып, Францияға кеткенде екеуі оңаша кездеседі. Екі ғашық «түнгі рандевуді» аяқтап бола бергенде, бөлмеге екі жігіт баса-көктеп кіреді, біреуі «күйеуі» болса, екіншісі «күйеуінің досы» болып келген КГБ қызметкерлері еді. Сол жерде Мористің жаны мұрнының ұшына келді, француз елшісінің  тағдыры қыл үстінде тұрды. Күні бұрын дайындалған қолхатқа қол қойып, өз еркімен совет елі үшін тыңшы болады, бас тартқан жағдайда «донжуандық» серілігі жария болып, қызметі мен әйелінен айырылады. Морис, әрине, тыңшылық жолды таңдады.

Екінші қарлығаш Лариса Дубанова Канада елшісін, ал Виолетта Сейна АҚШ елшісін дәл осындай жолмен төсек қатынасынан кейін ұстап беріп, екеуін де КГБ-нің тыңшысына айналдырып берді. Сондай-ақ, КГБ дәл осындай жолмен ер адамдарды да дайындады, олар «Қарға» деп аталды. Қарғаға да қойылатын талап өте жоғары болды, ұзын бойлы, көрікті әрі спортпен айналысқан болуы шарт және жан-жақты білімділігіне қарады. Себебі кездескен әйелмен кез келген тақырыпта сөйлесіп кететіндігі осыған байланысты еді, ал қалған төсек мәселесін арнаулы секспотолог мамандары дайындап, нағыз «донжуан» қылып шығаратын.

«Ромео»  мен  «Джульетта»

ГДР-дің «Штази» барлау органы осындай атпен екі ғашықты батыс елдер мен ФРГ үшін дайындады, қарылғаш пен қарғадан айырмашылығы оларға танысқаннан соң үйленуге рұқсат етілді. Орыстарда «муж и жена одна сатана» дегендей, ерлі-зайыптылар арасында қандай құпия болуы мүмкін, Ромео өзінің әйелінен, Джулетта өзінің күйеуінен естіген мәліметтерін «Штазиге» хабарлап отырды. Қызықтың көкесі 1990 жылы ФРГ мен ГДР қосылған соң, жариялыққа байланысты, тыңшылығы әшкере болып, бір кездегі ғашық болып қосылғандар бірін-бірі сотқа беріп, ажырасып кетті.

Суретте: киноактриса Лариса Кронберг «Олеко Дундич» фильмінде

Бақытжан  Абдул-Түменбаев,

тарихшы,  жрналист-дайджест

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: