Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тәуелсіздік тірегі

26.04.2021, 17:30 372

Еліміз егемендігін алғалы саясат, экономика, әлеумет, спорт және мәдениет салаларында айтарлықтай жоғары көрсеткіштер көрсетіп келе жатыр. Осы жетістіктердің бәрі Қазақстанды әлем елдерінің арасында жоғары орындарға көтерді.

Қазақстан халқының жеткен ең үлкен жетістіктерінің бірі – ел аумағында өмір сүретін этнос өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруін, ынтымақ бірлігін айтсақ болады. Атап айтқанда, еліміздің нақ осы жетістігі этносаралық конфликтіден зардап шегіп жатқан қаншама елдің алдында Қазақстанның мерейін үстем етеді.

Елде мұндай жайдары досшыл атмосфера қалыптастыруда қонақжай халқымыздың кең пейілінің орнын атап өткен жөн. 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. ҚХА өзара түсіністік пен бірлікті нығайтатын жалпы іс-шаралар аясында еліміздің барлық этностарын біріктіріп ғана қоймай, елдің саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Қоғамдық-саяси мәртебесі бар конституциялық орган мәртебесіне ие болған Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің басты заң шығарушы органында өкілдік етеді. Мәселен, ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚХА тобы 26 депутаттан тұрады, олар мемлекеттің түрлі мәселелерін шешіп ғана қоймай, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған заң жобаларын ұсынады.

Жеткен жетістіктер туралы сөз қозғағанда, елорда жайлы атпай кеткен жөн болмас. Елордамыз атауын Астанадан Нұр-Сұлтанға ауыстыра отырып, Еуразия кеңістігіндегі ең заманауи қалалардың бірі болып қала береді. Мұны 1999 жылы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» марапаты дәлелдейді, бұл марапат салыстырмалы түрде қысқа мерзімде дамудың барлық негізгі салаларында нәтиже көрсеткен қалаларға ғана беріледі.

Сондай-ақ, еліміз түрлі салалардағы ірі халықаралық ұйымдардың белсенді қатысушысы болып табылады. Атап айтқанда, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сияқты ұйымдардан тұрады. Сонымен бірге тек Қазақстанда жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өткізіледі.

Жалпы алғанда, 4 млн-нан астам адам қатысқан «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу біздің еліміз үшін маңызды жетістіктердің бірі болды. Олардың ішінде жарты миллионға жуығы басқа елдерден келді. Іс-шара үш айға созылды. Шетелдік қонақтар және қазақстандықтар футуристік нысанды тамашалап қана қоймай, жасыл технологиялар саласындағы ең озық шешімдермен де таныса алды. Айта кету керек, Қазақстан посткеңестікте ЭКСПО көрмесін қабылдаған алғашқы ел болды.

«Астана» халықаралық қаржы орталығын құру да – Қазақстан Тәуелсіздігінің соңғы жетістіктерінің бірі. АХҚО-ның басты ерекшелігі оның аумағында ағылшын құқығының әрекет етуі болып табылады. Қаржы орталығы Қазақстанға көптеген инвестицияларды тартады деп күтілуде, өйткені АХҚО арқылы қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды жағдайлар жасалады. Негізгі міндеттер мынадай: Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасында сақтандыру, банк қызметтері, исламдық қаржыландыру, қаржылық технологиялар, электрондық коммерция және инновациялық жобалар нарығын дамыту; ең үздік халықаралық практикалар негізінде қаржылық және кәсіби көрсетілетін қызметтерді дамыту, т.б. Міне, осы міндеттер үдесінен шығып келе жатқан Қазақстан экономикасының алдында басқа да қыруар шаруалар бар. Олардың барлығының орындалып, әлемдік рынокта өз дәрежесін көрсетіп, ең бастысы, әлеуметтік жағдайымызды көтеріп, әрбір адамның толыққанды жұмыс істеп, тиісінше демалуы үшін де Қазақстан мемлекетінің алдына қойған үлкен, қадау-қадау жоспарлары жетерлік. Осы тұрғыда бұл мәселенің барлығында дерлік жастардың ақыл-ойы, күш пен қайраты, озық идеялары мен еңбегі өте қажет.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ел басшысы үкімет пен барша халықтың алдына бір сыпыра келелі міндеттер қойды. Сондықтан да тәуелсіздігіміздің тұғырлы, жоспарымыздың айқын, болашағымыздың жарқын болуы үшін бір адамның немесе тек үкіметтің ғана емес, мемлекет белгілі бір нәтиже, үлкен жеңістерге жетуі үшін әрбір азаматтың Отан алдындағы зор жауапкершілігі мен ертеңге деген сенімі болуы керек деп ойлаймыз. Тәуелсіздік пен егемендіктің парқын біліп, оны келешекке аманаттау – сөз жүзіндегі іс емес, ол әрқайсысымыздан зор еңбек пен мол адами істерді күтеді.

Абдіхакім ИСАЕВ,

дінтану магистранты

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: