Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тәуелсіздік мерекесі мен Жаңа жылда қазақстандықтар неше күн демалады?

13.12.2021, 12:50 274

HALYQLINE.KZ

16-17 желтоқсан күндері ел тұрғындары Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Осыған байланысты ел тұрғындары қатарынан төрт күн демалады.

Биыл Тәуелсіздік күні бейсенбі мен жұмаға түсіп тұр. Сол себепті аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандар қатаранын төрт күн – 16-19 желтоқсан аралығында демалады. 20 желтоқсан, дүйсенбі жұмыс күні болып есептеледі.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтін азаматтар 16-17 желтоқсан күні демалып, 18 желтоқсан сенбі күні қайта жұмыс істейді. 19 желтоқсан жексенбі, әдеттегідей демалыс.

Айта кетсек, 2022 жылдың 1-2 қаңтары сенбі-жексенбіге түсіп тұрғандықтан, сәйкесінше демалыс күндері 3-4 қаңтарға ауыстырылады.

5-6 қаңтар күндері қайтадан жұмыс күні, ал 7 қаңтарда ел тұрғындары Рождество мерекесін атап өтеді. Сол себепті, жұма 7 қаңтар демалыс болады. 8-9 қаңтар сенбі-жексенбі, 10 қаңтарда жаңа жұмыс аптасы басталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: