Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Тәуелсіздік – мәңгілік ел мәртебесі» атты салтанатты шара өтті

10.12.2021, 17:00 222

HALYQLINE.KZ Бүгін А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік – мәңгілік ел мәртебесі» атты салтанатты шара өтті.

Мерекелік кешке қатысқан қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов: «Баршаңызды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл рухы асқақ, тұғыры биік төл мемлекетімізге 30 жыл толды. Қарапайым тілмен айтқанда, нағыз ердің жасында, ұлы мақсаттардың басында тұрмыз. Іргесі берік Тәуелсіз Қазақстанның көркеюі жолында атқарған еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер!» деген жылы лебізін білдірді.

Бектас Балғабайұлы өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық-саяси өмірінің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарға Қызылорда қаласы әкімінің алғысын табыстады.

Шара Сыр елінің белгілі өнерпаздарының мерекелік концертіне және мерекелік сезімге толы кешке ұласты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: