Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тәуелсіздік белестері

17.11.2021, 17:20 84 0

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы «Қызылорда обылсының тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Zoom платформасында «Тәуелсіздік белестері: көркем мәтіндердің рухани-әлеуметтік мәні мен тәрбиелік қуаты» тақырыбындағы  республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Конференция  мақсаты – Тәуелсіздік дәуіріндегі көркем әдебиеттің қол жеткізген жетістіктерін саралау, бағалау, зерделеу.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның кіріспе сөзін «Тіл – қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директорының м.а. Ербол Тілеш Ерденбекұлы ашып беріп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Модераторлық тізгінді «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ  директорының орынбасары  Айдана Махамбет алды.

Конференция барысында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор  Орда Гүлжаһан Жұмабердіқызы «Ұлттық әдебиеттің тәуелсіздік тұсындағы табыстары» тақырыбында, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, PhD докторы Хуатбекұлы Ерқанат  «Жастар шығармасындағы көркемдік ізденістер» тақырыбында, Шәкәрім университеті, филология  ғылымдарының кандидаты Ақтан Айман Советқызы «Тәуелсіздік рухы: балалар әдебиетіндегі жаңа ізденістер» тақырыбында, Нұр-Сұлтан қаласы, “Тұран” университеті  «Журналистика және аударма ісі» кафедрасының доценті,  ф.ғ.к. Тулекова Гүлжан Қажымұратқызы «Ы.Алтынсарин әңгімелерінің танымдық синопсисі» тақырыбында, Қорқыт ата атындағы ҚУ оқу магистрі Пірімова Әсем Әбдірахманқызы С.Елубайдың «Жалған дүние» романындағы ұлттық тіл мәселесі» тақырыбында баяндама оқыды.

Аталмыш конференция жұмысына орталықтың тіл мамандары, ЖОО ғалымдары, тілшілер, әдебиетшілер, білім алушылар мен мектеп мұғалімдері қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: