Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тәртіп сақшылары қан тапсырды

28.07.2021, 21:55 353

Тек тәртіп пен қауіпсіздік тұрғысынан көмек қолын соза білетін тәртіп сақшылары мен төтенше жағдай қызметкерлері қай жағынан болмасын жәрдем беруге әзір екендерін тағы да дәлелдеді. Қызылорда облысының  қан орталығына жиналған 50-ге жуық қызметкерлер мен еріктілер барлық сараптамадан өтіп, қан тапсырды. 

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай “30 игі іс” шарасы аясында Облыстық жастар ресурстық орталығының және облыстық “Жастар ресурстық орталығы” жанындағы Қызылорда облысының “Волонтерлар фронт-офисының” ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық қан орталығында “Донор бол” акциясы аясында Қызылорда облысының полиция департаменті, Қызылорда қалалық полиция басқармасы, Қызылорда облысының төтенше жағдай департаменті және Қызылорда облысының төтенше жағдай қалалық басқармасының қызметкерлері және қала тұрғындары ерікті түрде қан тапсырды. 

Қоғамдағы заңсыздықпен күресіп, азаматтардың құқығының сақталуы жолында қызмет етіп жүрген тәртіп сақшылары адам өмірін сақтап қалуға бағытталған осынау ізгі шараға бір ауыздан атсалысты.

Аталған акция әлі де жалғасын табуда. Акцияның нәтижесінде, сіздер мен біздің тапсырған қанымыз, адам өмірін аман алып қалатынын ұмытпайық. 

Облыстық жастар ресурстық орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: