Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр құтқарушылары жеңіспен оралды

25.09.2023, 17:10 106

Қызылорда облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының 15 құтқарушысы Алматы облысы аумағындағы «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигонында өткен халықаралық жарысқа қатысып, І орынды иеленіп, жеңіспен оралды.

Олардың қарсыластары Түркі мемлекеттеріне мүше ұйымдар болды. Атап айтсақ, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Мажарстан мемлекеттері құтқарушылары және еліміздің республикалық жедел құтқару жасағы бақ сынасты.13-20 қыркүйек аралығында өткен жарыс түрлі кезеңдерден тұрды.

Алғашқы күннен бастап қатысушылар бірнеше сынақтан өтті. Олардың қатарында «Жол көлік оқиғасы», «Лабиринт», «Таулы аймақтарда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу» және «Әуе кемелерінде құтқару жұмыстары» сияқты кезеңдері болды. Жарыс «Балтемір» кешенді күштік жаттығу орнында жалғасты. Қапшағай су қоймасындағы акваториясында қатысушылар су астындағы кездесетін төтенше жағдайлармен күресті. Қатысушылар мен бақылаушыларды таулы аймақтан болмаса да, қыратты жердегі қиындықтардан сүрінбей өткен жерлестеріміздің өжеттігі таң қалдырды. Нәтижесінде сырбойылықтар барлық кезеңдерден қалған қатысушыларды басып озып, жеңісті қанжығаларына байлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: