Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр өнімдері шетелге жөнелтілуде

27.09.2021, 17:15 295

HALYQLINE.KZ Осы жылдың 1 шілдесіне 18,5 млн долларды құрайтын 55,0 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері және қамыс) шетелге жөнелтілді. Бүгінде өнімдер әлемнің 16 мемлекетіне экспортталды.

Барлық экспортталған өнімнің 95,0 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы-күріш өнімі, Ресей, Қырғызстан, Беларус Республикасы, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Украина және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.Есепті кезеңге 52,2 мың тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 102,6 пайызды құрады.

Сондай-ақ, облыстан Ресей, Польша, Литва, Грузия, Австрия, Украина, Германия және Нидерланды мемлекеттеріне 1 749,6 тонна балық және Германия мен Нидерланды мемлекеттеріне 864,0 тонна қамыс жөнелтілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: