Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр өңірінде тарихи маңызды 556 ескерткіш бар

18.04.2022, 11:50 177

HALYQLINE.KZ 18 сәуір – халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Бұл мереке 1983 жылдан бастап атап өтілуде. Бүгінгі күні облыс бойынша 556 ескерткіш мемлекеттік тізімге алынған. Ал республикалық мәртебесі бар 31 ескерткіш бар. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық «тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» КММ директоры Ерғазы Алданазаров мәлімдеді.

– Сан ғасырлық тарихы бар ескерткіштер мен қасиетті мұраларымызды насихаттау және қорғау бүгінгі ұрпақтың басты парызы деп білемін. Биыл үш археологиялық ескерткіш – ежелгі Бәбіш мола және ортағасырлық Жанкент, Сығанақ қалашықтарында археологиялық қазба жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының аясында жалпыұлттық – 12, өңірлік 60 қасиетті нысан енгізілді. Сыр өлкесіндегі киелі мұраларымызды цифрлық форматта көшіру мақсатында 150 ескерткіштің 3D форматтағы интерактивті картасы жұмыс істесе, 174 ескерткішке QR код орнатылды. Бұл жұмыстар өз жалғасын табатын болады, – деді Ерғазы Алданазаров.

Айта кетейік, атаулы датаға орай бүгін «Ескерткіштер елге мұра, ұрпаққа аманат» атты ауқымды көрменің ашылуы салтанаты болады. Ал 20 сәуірде орталық алаңда КСРО және Қазақстанның Халық әртісі Роза Бағланованың ескерткішінің ашылу рәсімі өтеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: