HALYQLINE.KZ Жаңақорған төрінде Ұлттық спорт түрі саятшылықтан құсбегілердің Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Ересектер арасында XV рет өткізіліп отырған бұл чемпионатқа еліміздің 2 қаласы мен 10 облысынан Ителгі, Бүркіт, Қаршығадан 70 құс және 90 саятшы қатысуда.
Осыған орай өңірлік коммуникациялар алаңында арнайы брифинг өтті. Оған құсбегіліктен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің аға жаттықтырушысы Базарбек Күнтуғанұлы, Қазақстан Республикасы «Қыран» федерациясының атқарушы директоры, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері Бағдатхан Мүптекеқызы, Қызылорда облысының бүркітшісі, жамбы атудан Қазақстан Республикасының чемпионы, спорт шебері Өміртай Ғалымжан Сламханұлы және Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асылжан Жаманқұл қатысты.
Жарысқа ұлттық спорттың дамуына атсалысып жүрген ардагер саятшы Әбдікәрім Түсей, Алматы облысының ардагер саятшысы, ұлттық спортттың жанашыры Шаймардан Әден сияқты қонақтар келді.
Қазақ халқының саятшылық өнері – өте қызықты әрі салтанатты өнер. Дегенмен бұл екінің бірінің қолынан келе бермейтін, тек иттер мен құстардың мінез-құлқы мен қасиетін жетік білетін нағыз саятшылар мен құсбегілер ғана меңгере алады. Әлемде саятшылықты қазақ халқындай биік деңгейге ешкім көтермеді десем қателеспеген болармыз. Ата-бабамыз қандай тазының ұшқыр, қандай құстың қыран екенін бір қарағаннан-ақ білген. Ал, сол тазы мен құсты баптап, аңға салу, оларды өздеріндей танып-білу – өз алдына бөлек бір өнер.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!