Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсылық жауапкершілікті күшейтуден басталады

04.09.2020, 16:15 580

HALYQLINE.KZ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы мемлекеттігімізді нығайту жолындағы ең басты мәселелерге назар аударып, қоғам мен мемлекетімізде стратегиялық бағыттар бойынша қандай өзгертулер жасау керек екенін айқындады. Ел дамуына нұқсан келтіретін мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Осы мәселенің өзектілігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері 2020 жылғы 19 тамызда өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте де айтылған болатын.

Азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз деп айрықша атап өтті.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің жүйелілігін алға тартып, жемқорлыққа апаратын себептерді анықтау үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың нормативтік актілері мен жұмыс үдерістеріне жемқорлыққа қарсы күрес тұрғысынан арнайы талдау жүргізу белгіленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсылық жауапкершілікті күшейтуден басталады. Ең алдымен, бұл – құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға қатысты, олар заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтай отырып, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қатаң жауапкершілікке тартылуы тиіс. Сотталған жемқорларға қатысты мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жою ең қуатты профилактикалық әсерге ие болады.

2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер, депутаттар мен судьялар үшін шетелде банк шоттарын иеленуге тыйым салуды енгізу. Бұл бастама ел мүддесі үшін қызмет ету идеологиясы тұрғысынан ғана емес, жемқорлық капиталын шетелге шығару мүмкіндіктерін жою мақсатында да маңызды.

«Қоғамдық бақылау туралы» Заңның қабылдануы азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдарды сыбайлас жемқорлық пен бюрократияға қарсы жүйелі түрде әрекет етуге барынша кең ауқымда тартуға нақты серпін береді.

Жемқорлықты бүкіл ел болып біріп ғана жеңеміз!

Ардақ ЕРСЕЙТОВ,

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы

бойынша департамент басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: