Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Су жануарлары жаппай қырылмасын деп…

29.01.2021, 15:30 527

HALYQLINE.KZ Өздеріңізге белгілі, Қызылорда облысы аумағында 2021 жылдың қыс айларында төмен ауа температурасының көрсеткіші сақталып келеді.

Бүгінгі күні, Қызылорда қаласы мен аудандар аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерінде мұз қабатының қалың болып қатуы байқалуда. Осы уақыттары онда мекен ететін балықтар мен басқа да су жануарларының тұншығып, оттегінің жетіспеуінен жаппай қырылу қауіпінің туындау ықтималдылығы артуы мүмкін.

Бұндай жағдайда мұз шұңқырларын бұрғылау және мұзойықтарын ою жұмыстарын жүргізу арқылы балықтардың қырылуының алдын алуға болады.

Сонымен қатар, аталған жұмыстарды жүргізумен оттегінің су қабатына еркін енуіне және су құрамындағы қажетті оттегі көлемін тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік жасайды.

Айта кеткен жөн, «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №593 Заңының 21-бабының 1-тармағында Бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жаппай ауру, дүлей зiлзала кезiнде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген жағдайларда жануарларға көмек көрсетудi балық шаруашылықтары субъектілері жүзеге асырады деп көрсетілген.

Аталған іс-шараларды жүргізу барысында су үстіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерінің талаптарын қатаң сақтау қажеттілігін назарларыңызға алуды сұраймыз!

Балық қорын сақтау мүмкіндігін жіберіп алмай, осы шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.

Келешек ұрпаққа мұра болып қалатын балық қорын сақтауға ат салысайық!

«Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау

жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: