Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

08.07.2022, 15:15 312

HALYQLINE.KZ Бүгін қала әкімі Асылбек Шаменов аймақтағы су шаруашылығы қызметкерлерін қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

– Адамзат пен табиғат үйлесімінде тіршілік көзін реттеп отырған сала қызметкерлерінің еңбегі ерен. Мамандығына адалдық танытып, әрбір тамшының ысырап болмауына барын салып, бүгінгі қиыншылықта атқарып отырған жұмыстарыңызға алғысымды білдіремін. Құрғақшылық алқымнан алған тұста кенезесі кепкен көлдер мен табанынан шаң бұрқыраған атыздарға Сырдың суын үнеммен үлестіріп, Жер-Ана бұлағын байыпты болжаммен бағыттаған берекелі істеріңізді халық біледі. Жылдың төрт мезгілінде дамыл таппай, су бөліп беру шаруасын ұқыптылықпен атқаратын гидротехник мамандарының тапшы екендігін жақсы білеміз. Дегенмен, жауапкершілік жүгін, артылған сенім үдесін биік қоятын сала майталмандары әр кезде де мәртебе мінберінде болуы тиіс. Бұл салада кәсібіне деген құрметті ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан сала ардагерлері мен мамандарға адал еңбектері үшін ризашылық білдіргім келеді», – деді қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы.

Басқосуда шаһар басшысы «Қызылордасушар» өндірістік учаскесінің бірқатар қызметкерін марапаттап, алғыс хат табыстады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: