Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«СҚ-Фармация» басшылығы орнынан алынуы мүмкін

01.04.2021, 16:20 236

Мемлекет басшысының төрағалығымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңес өтті.

– Жалпы алғанда, қазіргі жағдайымыз жақсы емес. Тіпті, ахуал өте күрделі деп айтуға болады. Коронавирус індеті қайта өршіп келеді. Мұны Қазақстан ғана емес, көптеген елдер бастан өткеруде. Оның негізгі себебі вирустың мутацияланған жаңа штамдары болып отыр, – деді президент.

Сондай-ақ, «СҚ-Фармация» басшылығын орнынан алып тастайтынын айтып, қатаң ескерту жасады.

Жекелеген аймақтарда сатып алынған қорғаныш заттарының жетіспеушілігі мен сапасыздығы байқалады. Біз «СҚ-Фрамацияның» басшылығын ауыстырдық. Дәл қазір жаңа басшылықтың басқару қабілетін көрсететін мүмкіндік туып отыр. Егер оны істей алмасаңдар, орынды босатыңдар», – деді мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, «СҚ-Фармация» турасындағы дау өткен жаздың ортасында әлеуметтік желіде қазақстандық дәріханалардың Катардан гуманитарлық көмек ретінде келген дәрі-дәрмекті сатып жатқаны туралы шудан кейін белең алды. Кейін мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында компанияның қызметін сынға алып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа ұйымның жұмысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің бар-жоғын тексеруді тапсырды. Сол күні Берік Шәріп қызметінен босатылып, 12 шілдеде оның орнына Ерхат Есқалиев тағайындалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: