Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Соңғы 3 жылда жарақаттану 15 пайызға төмендеді

29.12.2020, 11:40 384

HALYQLINE.KZ

Ресми статистикалық деректер бойынша Қазақстанда 324 мың кәсіпорында 6 млн 650 мыңнан астам жалдамалы қызметкер еңбек қызметін жүзеге асыратынын атап өтті. Олардың жалақысы өткен жылмен салыстырғанда орта есеппен 6,9% – ға өсті.

«2019 жылдың қорытындысы бойынша, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің еңбек нарығы тиімділігінің рейтингі бойынша Қазақстан 30-шы орыннан 25-ші орынға көтерілді. Еңбек қатынастарына байланысты мәселелер біртіндеп шешілуде», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Еңбекмині басшысының айтуынша, жалақы бойынша жалпы берешек бүгінгі күні 724 млн теңгені құрайды. Жыл басынан бері ол 49%-ға немесе 696 млн теңгеге азайған.

«Ағымдағы жылы еңбек инспекторлары жалақы бойынша 4,2 млрд теңге берешекті өндіріп алған. Осылайша, қабылданған шаралардың нәтижесінде 31 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды.

Жалақы бойынша берешекті дер кезінде өтеуді күшейту мақсатында ағымдағы жылы заңнамалық тәртіппен жұмыс берушіге берілетін мемлекеттік еңбек инспекторы нұсқамасының мәртебесі сот орындаушысының бұйрығына теңестірілді. Бұл жалақы бойынша берешек үшін жұмыс берушілердің шоттары мен мүлкіне қосымша тыйым салуға, елден шығуға шектеулер енгізуге мүмкіндік береді», – деп хабарлады Біржан Нұрымбетов.

Соңғы үш жылда жарақаттану 15%-ға төмендеді (1678 адамнан 1430 адамға дейін) және оң динамика сақталуда. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша республика кәсіпорындарында 1 300 адам зардап шекті, оның ішінде 185 адам қайтыс болды. Мемлекеттік еңбек инспекторларының талабы бойынша 33 лауазымды адам жұмыстан шеттетіліп, 11 жабдықтың жұмысы тоқтатылған.

Министр сондай-ақ, 2020 жылы ҚР Үкіметі жұмыс орындарын сақтау және құру бойынша теңдессіз шаралар қабылдағанын атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: