Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сіз басқа адамдар үшін қайсысы боласыз?

25.07.2021, 12:00 344

HALYQLINE.KZ

Адамдарды үш санатқа бөлуге болатын секілді…

1. ЖАПЫРАҚ АДАМДАР

2.БҰТАҚ АДАМДАР

3. ТАМЫР АДАМДАР

ЖАПЫРАҚ АДАМДАР

Кейбір адамдар сіздің өміріңізге ағаштың жапырақтары секілді кіріп келеді.

– Олар маусымдық, әрі құбылмалы.

– Оларға көп сенбе.

– Олар әлсіз, сізге тек паналау үшін келген.

Сізден өзіне қажет нәрсені жапырақ сияқты алады да, сіздің өміріңіз сәл салқындаса немесе сіздің өміріңізде шамалы жел тұрса, жапырақ секілді ұшып кетеді.

Оларға ашуланбаңыз. Олар – сондай адамдар.

БҰТАҚ  АДАМДАР

Кейбір адамдар сіздің өміріңізге ағаш бұтағындай кіреді.

Олар жапырақтарға қарағанда күшті, бірақ олармен абай болу керек.

Олар сіздермен бірге бірнеше маусым бірге бола алады, бірақ сіздің өміріңізде бір немесе екі қатты дауыл болса, сіз оларды жоғалтып алуыңыз мүмкін.

Жағдай қиындай бастаса, олар бөлініп кетіп қалады.

Жапырақтардан мықты болса да, оларға салмақ салмас бұрын тексеріп алған жөн. Өйткені көп жағдайда олар ауыр жүкті көтере алмайды.

Бірақ оларға да ашуланудың қажеті жоқ.

Олар – сондай адамдар.

ТАМЫР АДАМДАР

Ағаштың тамыры сияқты адамдарды тапсаңыз, онда бақыттысыз, олар ерекше адамдар.

Олар ағаштың тамыры секілді – табылуы да оңай емес және олар өздері көзге түсуге тырыспайды.

Олар сізді өсіріп, тәрбиелеп, өмір сүруге талпындырады.

Сен жетістікке жетсең, олар қуанады.

Олар өздерін көпшілікке танытуға тырыспайды, кездейсоқ қорқынышты дауылдан да аман сақтап қала алады. Олар – сондай адамдар.

АҒАШТЫҢ ЖАПЫРАҒЫ КӨП, БҰТАҒЫ ДА КӨП, ТАМЫРЫ АЗ БОЛАДЫ.

ӨМІРІҢІЗГЕ БІР КӨЗ САЛЫП КӨРІҢІЗ. СІЗДЕ ҚАНША ЖАПЫРАҚ, ҚАНША БҰТАҚ, ҚАНША ТАМЫР БАР?

СІЗ БАСҚА АДАМДАР ҮШІН ҚАЙСЫСЫ БОЛАСЫЗ?

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: