Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сиқыршыдан сұрағым келеді

15.12.2021, 16:00 230

HALYQLINE.KZ

Өмірдің  өзі

Екі баланың анасымын. Аз-маз ұмытшақтығым бар еді, дәрігерге қаралдым. Ол күніне сегіз сағат ұйықтау керек екенін ескертті.

Арқам ауырады. Невролог аптасына екі-үш рет бассейнге түсіп, жаттығу жасау қажет деді.

Тұңғышымыздың мұғалімі бала сабақ оқығанда ата-ананың бақылауында болуы тиіс екенін айтты.

Кіші ұлдың аллергиясы бар. Тамақты талғап жейді. Оның жағдайын жасаудың өзі – үлкен жұмыс. Негізгі асы ботқа мен езбе болғасын бұларды күйеуім мен үлкенім жаратпайды. Сол үшін оларға өз алдына бөлек дайындайсың.

Психологтердің айтуынша, баланың үйлесімді дамуы үшін күн сайын кемінде жарты сағат сабағына көңіл бөлу керек.

Педиатр балаларды күнде бір сағат саябақта, таза ауада серуендету қажет дейді. Сол кезде оттегіге тояды екен.

Ал өзім күнде жұмысқа баруым керек.

Бір білгіштердің сөзінше, балаға ойын арқылы білім берген дұрыс.

Терапия маманы ерлі-зайыптыларға ара-тұра романтикалық кездесуге барып тұруды немесе аптасына бір-екі күнді оңашада өткізуді ұсынады.

Іскер әйелдер сыртқы болмысыңды реттеуге көңіл бөл дейді.

Психолог өзімді дамытуға мұқтаж екенімді еске салды.

Енді осылардың бәріне жиырма төрт сағатты қалай жеткізуге болатынын үйрететін сиқыршы іздеп жүрмін.

Елена  Белоусова

Аударған  Назерке  Саниязова

Фото интернеттен алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: