Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сенатор Руслан Рүстемов ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді жастар арасында кеңінен таратуға шақырды

30.11.2023, 12:10 223

HALYQLINE.KZ

Сенатор Руслан Рүстемов жастар тәрбиесі мен олардың бойына руханиятымыз бен салт-дәстүрімізге негізделген құндылықтарды сіңірудің маңыздылығы туралы айтты.

Депутаттың айтуынша, балаларға үлгі болатын ұлттық фольклор кейіпкерлеріне негізделген бейнелерді белсенді түрде қалыптастыру және насихаттау қажет. Сенатор біздің балалар уақыт өте келе және технологияның дамуына байланысты ұлттық салт-дәстүрден алшақтап бара жатқанына назар аударды. Балаларға арналған ұлттық сапалы шығарма-туындылар топтамасының жетіспеушілігі де байқалып отыр. Сенатор сонымен қатар балалар театрлары мен қуыршақ театрларының репертуарында ұлттық фольклорға негізделген қазақ тіліндегі қойылымдарының жоқтығына да тоқталды.

«Бірен-саран қойылымдардың өзі ескірген, тартымдылығы аз. Осы ретте оқу орындарын аяқтап жатқан жас режиссерлар, драматургтер, креативті индустрия өкілдері отандық балалар драматургиясына баса назар аударғаны жөн. Әдебиетімізде, фольклорымызда тақырып та, мазмұн да, контент те әбден жеткілікті. Тек оны заманауи форматта көпшілікке жеткізу қажет», – деді сенатор Рүстемов.

Депутат осыған байланысты Үкімет басшысына ұлттық контентті қалыптастыру мәселелеріне стратегиялық тұрғыда мән беруді, сондай-ақ театрлар құрылысын салу мен балалар мұражайының ашылуына қолдау жасауды ұсынды.

https://cloud.mail.ru/public/4PmR/ACegYJhs4

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: