Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сегіз жастағы бала суға батып кетті

21.06.2021, 11:10 439

HALYQLINE.KZ  Қармақшы ауданында сегіз жастағы ұл бала суға батып кетті.

Оқиға 20 маусымда сағат 16:30 шамасында болған. Ауданның теміржол көпіріне жақын бөлігіндегі Қараөзек каналындағы суға түсуге рұқсат етілмеген аумағында 2013 жылы дүниеге келген ұл бала суға батып кетті.

«Баланың қасында кәмелеттік жасқа толмаған тағы 6 жасөспірім болған. Олар ересек адамдардың бақылауынсыз қалған. Қазір суға батып кеткен баланың денесін іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Оған облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 6 құтқарушы, 1 техника қатысуда», – деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: