Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Самат Әбіш қызметінен босатылды

17.01.2022, 11:45 282

HALYQLINE.KZ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті келіп түскен сұрауларға байланысты жауап бере отырып, Самат Әбіштің өз қызметінде екенін яғни оның жылсайынғы еңбек демалысында екенін хабарлаған болатын.

Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып, 2015 жылдың желтоқсан айында тағайындалған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: