Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қасқалдақ» әнінің Қонаевқа қатысы бар ма?

22.05.2021, 14:30 688

HALYQLINE.KZ Белгілі ақын Есенғали Раушановтың «Қасқалдақ» өлеңінің Дінмұхамед Қонаевқа да, Геннадий Колбинге де қатысы жоқ болып шықты.

Бұл өлең күллі қазаққа әні арқылы танымал болды. Барша жұрт осы уақытқа дейін ондағы қасқалдақты кезінде қызметінен аяқ астынан босап қалған Қонаев, ал шүрегейді соның орнына сырттан келген Колбин деп таныды. Бірақ автордың өзі мүлдем олай еместігін айтып кетіпті.

Бұл туралы «Ana tili» газеті жазды. Газеттің бас редакторы Қали Сәрсенбай «Қасқалдақтың» Қонаевқа да, Колбинге де қатысы жоқ» атты мақаласында марқұм Есенғали Раушановпен болған бір сұхбатын еске алады.

«Біреулер бұл әнді Қонаевқа арналған десе, біреулер Колбинді айтады. Бұл – бекер. Колбинге шүрегей деген келмейді. Қайдан білейін, бәлкім, Қонаевты қасқалдақтан гөрі ірірек құсқа теңеген дұрыс шығар… «Қасқалдақ» — менің ауруым, тағ­дырым. Жалпы, менің шығарма­шы­лығымда жеке адамдарға, компартияға, саясатқа арналған қызыл өлеңдер болған емес. Мұнымен мақтанайын деп отырғаным жоқ, дұрысы сол. Сондықтан, «Қасқалдақ» ешкімге арналмаған. Ол – сол кезде төгілген қанға оқылған дұға іспеттес дүние. Ал оны би ырғағына салып, шаттана орындау қанның үстінде билегенмен бірдей. Әркімнің талғамы әрқалай ғой. Қайдан білейін, солай дұрыс көрсе айта берсін, билей берсін. Біздің халық әлі оянбай жатыр ғой. Бұл өлең мүмкіндігінше тек оқылу керек«, — депті ақын өз сұхбатында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: