Кеше талантты жерлесіміз, виртуоз музыкант, әнші-композитор Батырхан Шөкеновты еске алуға арналған «Батыр салған ән қандай?» атты ән кеші өтті.
Іс-шарада Батырдың ағасы Мүсірәлі Шөкенов сөз сөйлеп, естеліктермен бөлісті. Сыр өнерпаздарына отбасының атынан алғысын білдірді.
«Сыр самалы» және «Мереке» вокалды аспапты ансамбльдері өнер көрсетіп, қызылордалықтарға ерекше естеліктерге толы кеш сыйлады.
Естеріңізге салайық, кеше біртуар талант иесі Батырхан Қамалұлының туған күні. Көзі тірі болғанда өнер иесі биыл 63-інші көктемін қарсы алар еді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!