Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Алтыбақан» ойын-сауық ән кеші өтті

15.05.2025, 16:20 92

HALYQLINE.KZ

Шиелі ауданында «Алатау» дәстүрлі өнер театрының «Алтыбақан» ойын-сауық ән кеші өтті. Ұлттық өнеріміздің жауһарларын жаңғыртқан бұл кеш көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.

Кешке аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Мақсат Нұралиев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші, тележүргізуші, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының даму мәселесі жөніндегі орынбасары Қаракөз Сүлейменова және мәдениет саласының өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.

Аудан басшысы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұжымына алғыс білдіріп, ұлттық өнерді насихаттаудағы еңбектері үшін арнайы марапат табыстады.

Театр құрамында Сыр елінің тумасы, Шиелі өңірінің мақтанышы Мырзахметова Лаура Құдайбергенқызы өнер көрсетуде. Оның сахнадағы шеберлігі мен өнерге деген адалдығы туған жерінің абыройын асқақтатып келеді.

Кеш барысында көрермендер театр ұжымының өнеріне зор қошемет көрсетіп, ұлттық өнерге деген құрметтерін білдірді.

«Алтыбақан» кеші – қазақтың дәстүрлі әні мен күйін, биі мен жырын, ұлттық ойындарын бір арнаға тоғыстырған, ұлтымыздың рухани байлығын дәріптейтін маңызды мәдени іс-шара.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: