Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордадан Ресейге әуе рейсі ашылмақ

23.11.2021, 16:30 215

HALYQLINE.KZ Енді қызылордалықтар әуе рейсі арқылы Ресейге сапарға шыға алады. Өңірдегі ескі аэропортты заманауи стандартпен жаңғырту көзделген.

Бүгінгі таңда әуежайдың жолаушылар терминалын қайта құру мен кеңейтуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында бюджеттен тыс нұсқалар да қаралған. Яғни, белгілі меценат Болат Өтемұратов Қоры өз қаражаты есебінен ішкі және халықаралық авиарейстерді одан әрі ұлғайту перспективасымен, тұтастай алғанда әуежайды барлық халықаралық стандарттарға сәйкестендіру туралы Өтемұратов қорымен уағдаластыққа қол жеткізіліп, меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен әуежайды «Ашық аспан» режиміне қосу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Биылғы жылдың желтоқсан айынан бастап «NordwindAirlines» Авиакомпаниясы тарапынан «Санкт-Петербург – Қызылорда – Санкт-Петербург» бағыты бойынша аптасына 1 рейс ашады деп жоспарлануда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: