Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордадағы жағдай толық бақылауда

09.01.2022, 16:40 152

Өңірдегі Полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдай толық бақылауға алынғанын хабарлады.

Бүлікшілердің салған ылаңынан Қызылорда қаласындағы 9 мемлекеттік нысанға өрт қойылған.

Олардың ішінде облыс әкімдігі, облыстық және қалалық соттың ғимараты, «Нұр Отан» партиясының ғимараты өртенген. Сондай-ақ қазіргі уақытта экстремистердің шабуылы кезінде жараланған 48 адам ауруханада жатыр. Олардың 19-ы – жансақтау бөілімінде. Полиция департаменті әзірге 80 күдіктінің ұсталғаны жөнінде ақпарат берді.

Дегенмен 8 қаңтардан бастап қалада тіршілік қайта қалпына келе бастады. Қоғамдық көліктер жүргізіліп жатыр. Базарлар ашылды. Ал, контр-террористік операция жалғасуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: