HALYQLINE.KZ 1 ақпан күні Қызылорда қаласында сағат 13:37 шамасында сол жағалау көпірінің жанында «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-не тиесілі №1 автобустың толығымен жанып кетті. (автобустың маркасы – Zhong Tong Bus).
13:49-да өрт оқшауланып, 13:53-те жойылды. Автобус ішінде 16 жолаушы болған, барлығы автобустан өз бетінше шыққан, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 9 қызметкері және 3 бірлік техника оқиға орында болып, қызыл жалынды өшіруге үлес қосты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!