Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада жоғалып кеткен 6 жастағы қыздың мәйіті өзеннен табылды

08.06.2026, 8:25 39

HALYQLINE.KZ

Қызылордада 5 маусым күні із-түссіз жоғалып кеткен 6 жастағы Медина Мұратқызының мәйіті Сырдария өзенінен табылды.

Бүлдіршінді іздеуге құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылып, екі тәулік бойы ауқымды іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілді. Алайда барлық жедел шараларға қарамастан, қызды аман алып қалу мүмкін болмады.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Құзырлы органдар тиісті тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Еске салайық, Медина Мұратқызы 5 маусым күні шамамен сағат 18:30 шамасында Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің жағалауына жақын орналасқан «Рисмаш» ауданындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз болып келген.

Фото: syrboyi.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: