Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада жоғалған баланың денесі табылды

29.04.2021, 13:20 411

HALYQLINE.KZ

Бұл туралы Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен бала, өкінішке қрай, өлі күйінде табылды. 2 күн бойы жоғалған Бахыт Альтаир Мақсатұлын іздестіру жұмыстарына Полиция департаментінің, қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, Ұлттық ұлан сарбаздары, Төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

Бүгін, 29 сәуір күні жергілікті уақыт сағат 11:00 шамасында жеке тұрғын үйдің кәріз құдығынан жоғалған баланың денесі табылды. Қажетті сот- медициналық сараптамалар тағайындалды. Баланың денесінде көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған. Болған оқиға бойынша тергеу басталды. Тергеу әрекеттері менің жеке бақылауымда.

Кішкентай Альтаирдың ата-анасы мен туыстарының ауыр қайғыларына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамын» делінген жазбада.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: