Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада «Қараөзек» су қоймасы салынады деп жоспарлануда

18.11.2021, 12:45 403

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Нұр-Сұлтан қаласында өткен баспасөз конференцияда Сырдария өзенінің су деңгейі мен су қоймаларын салу және арналарды тазарту ісіне қатысты сұрақтарға жауап берді.

Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес Қызылорда өңірінде жалпы көлемі 775 млн текше метр құрайтын Қараөзек су қоймасын салынады деп жоспарлануда. Аталмыш Жолдауға сәйкес 2025 жылға дейін республика бойынша қайта жаңғыртылатын 120 каналдың 21-ін Қызылорда облысы аумағында жүзеге асыру көзделіп отыр.

Сонымен қатар, қуаңшылық зардабын жою үшін облыс әкімінің резервінен 250 млн теңге бөлініп, шөп тасымалдайтын көлік шығындарын жабуға, мал суаты (водопой), жайылымдарды, шабындықтарды суару және Арал ауданындағы «Қамыстыбас» пен «Ақшатау» көлдері жүйелерін суару мәселелерін шешуге бағытталды. Бүгінгі күні дарияның суы көтеріліп, «Қамбаш», «Ақшатау» көлдер жүйесіне мол көлемде су түсуде.

Қызылжар елді мекені тұсындағы «Бектау» және «Дің» каналдарының арнасы ұлғайтылып, су тоспасының құрылысы аяқталды. Аманөткел елді мекеніндегі «Бұрмақұлақ» учаскесінде дария арнасы бөгелді. Бұдан бөлек малдарды суару және жайылымдық жерді суландару бағытында Мергенсай елді мекенінен «Үшшоқы» және «Ақбасты» елді мекенінен «Бурабай» су ұңғымаларын қазу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: