Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада өмір сүрудің 10 себебі

21.01.2020, 8:37 1661

1. Қызылорда – өмір сүруге қолайлы қала. Мұнда баға өзге қалаларға қарағанда әлдеқайда арзан.

2. Қаланы «ауылым» деуге әбден болады. Барлығы бірін-бірі таниды, туысқандай араласады.

3. Алматы немесе Астана секілді ірі мегаполис қалалардағыдай емес, межелі жеріңе өте тез жетуіңізге болады. Қала алақандай, жаяу жүрсеңіз де шаршамайсыз.

4. Қызылорданың 99 пайызы – қазақтар. Осыдан-ақ халқының қазақилығы мен қонақжайлылығын бажайлай беріңіз. Қызылордаға қонақ болған да, болмаған да арманда.

5. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев Сыр елін «Алаштың анасы» атаған.

6. Сол жағалау Қызылордада да бар. Сол жағалауда серуендегіңіз келсе, Нұр-Сұлтанға емес, Қызылордаға келіңіз.

7. Қызылордалықтар Астана уақытымен емес, «өз уақытымен» өмір сүреді. Мұнда бір сағат артқа жылжыған.

8. Ағарғанға мол аймақ. Халықтың басым көпшілігі мал шаруашылығымен айналысатындықтан, аққа бай. Экологиялық аймақтың кем-кетігін ағарғанмен жуып-шаюға болады.

9. Қызылорда – Қазақстанды күрішпен қамтитын бірден-бір аймақ. Әр қызылордалықтың үйінде қап-қап күріш тұрады.

10. Қызылордалықтардың 70 пайызы жер үйде тұрады. Көпқабатты үйде тұрудан шаршасаңыз, жер үйде тұрып, көңіліңізді бірлеуге болады. Есесіне өз аулаң, жеке бау-бақшаң бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: