Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада балалар ойын-сауық орталығы өртенді

19.07.2021, 11:49 288

Оқыс оқиға 19 шілдеде Қызылорда қаласы Ы.Алтынсарин көшесі бойында орналасқан балалар ойын-сауық орталығында болған. Мамандар өрт газ-ауа қоспасы салдарынан шыққан болуы мүмкін екенін жеткізді. Ғимараттың бірінші қабатының 200 шаршы метрге жуық аумағы толықтай жанып кетті.

  • Өрт салдарынан Жеңіс көшесі бойындағы тұрғын үйдің ағаш сарайы мен шатыры құлап, терезесі бүлінді. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінен 42 қызметкер 11 техникасы, ал жедел құтқару жасағының 6 құтқарушысы 1 техникасы барды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің себеп-салдыры анықталуда, – деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: