Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 7 жастағы бала бассейнге батып кетті

20.12.2021, 16:10 241

HALYQLINE.KZ  Қайғылы жағдай облыстық спорт басқармасына қарасты Евразия спорт кешенінде болған. Бассейнге шомылуға келген жеткіншек суға батып кеткен.

Жеті жасар бала спорт кешеніне анасымен бірге келіпті» деп хабарлайды Экспресс К .

Алайда кешен қызметкерлері марқұм болған жеткіншектің анасын бассейнге кіргізбеген. Баланы жаттықтырушылар алып қалыпты. Бірақ бала суға батып жатқанда, жаттықтырушы да, инструкторлар да сол жерде болған. Алайда неліктен дер кезінде көмек көрсете алмағандары түсініксіз.

Спорт кешені директорының айтуынша, бассейнді бақылауға арналған камералар да оқыс оқиға кезінде жұмыс істеп тұрған. Қазір осы іске байланысты құзырлы органдар тергеу жүргізіп жатыр.

«Біздің өзіміз де комиссия құрып, соны тексеріп жатырмыз. Ішкі істер басқармасы да тергеуге алды. Жаттықтырушылар сол жерде болуы тиіс еді. Қызметкерлер заңның алдында жауап береді», – дейді спорт кешенінің директоры.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: