Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 386 учаскеде дауыс беру басталды

23.08.2026, 7:09 42

Бүгін Құрылтай сайлауына дауыс беру басталды. Таңғы сағат 07:00-де Қызылорда облысындағы барлық сайлау учаскесі ашылып, жұмысқа кірісті.

Өңірде барлығы 386 сайлау учаскесі бар. Оның 132-сі Қызылорда қаласында, 254-і аудандарда орналасқан. 27-сі азаматтардың уақытша болатын орындарындағы жабық учаскелер. Бұл учаскелерде тізімге енгізілген азаматтардың барлығы дауыс беріп болған жағдайда дауыс беру мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін.

Аймақта 500 591 азаматтың дауыс беруге құқығы бар. Тұрғындар кешкі сағат 20:00-ге дейін өз аумағындағы сайлау учаскесіне келіп, таңдауын жасай алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: