Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді

22.04.2022, 21:01 420

Бүгін облыстық перинаталдық орталығында 2022 жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді. Алды 5 баладан соң өмірге үшем әкелген 34 жастағы Сырдария ауданы, Қалжан-Ахун ауылының тұрғыны Абдығаппарова Эльвира Мирамбекқызы үш батырдың анасы атанды.

Үшемдерге облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Бексеитұлы мен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Жомартқызы жылы лебіздерін білдіріп, батыр анаға арнайы аймақ басшысының құттықтауын жеткізді.

Үшемдердің ата-анасы балаларының есімдерінің бірін – аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының кұрметіне «Нұрлыбек» атауға ниетті.

Анасы айы-күніне жетпей босанса да, екі келіден асып туған нәрестелердің жағдайы тұрақталуда.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: