Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Үй өртеніп, екі адам қайтыс болды

22.11.2021, 10:10 339

HALYQLINE.KZ «Қызылордада жеке тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылды» деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Төтенше жағдай 21 қараша күні сағат 17.43-те болған. Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алдымен тұрғын үйдің едені отқа оранған. Оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылды. Оның біреуі 1966 жылғы үй қожайыны болса, екіншісі – үйге қонаққа келген 1990 жылғы азамат. Оқиға орнына департаменттің үш қызметкері техникамен аттанды.

«Алдын ала жасалған болжам бойынша, өрттің шығуына себеп болған отты абайсызда қолдану, яғни темекі шегу», – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: