Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қыс-2021» Қызылордада өтті

15.11.2021, 10:30 403

HALYQLINE.KZ​ Қызылорда облысында кешеден бастап «Қыс-2021» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы өткізілуде. Тақырыбы: «Қысқы кезеңдегі жағдайларда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі басқару органдары мен күштерін дайындау».

Мақсаты:

  1. Қыс кезеңінде ТЖ қаупі және туындауы кезіне аралған міндеттерді орындауға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі басқару органдары мен күштерін жоғары дайындыққа келтіру;
  2. Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі мен халықтың әзірлігі мен мүмкіндік деңгейін арттыру;
  3. Көлік магистральдары мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуі бұзылған жағдайда салалық және аумақтық кіші жүйелердің жұмысын үйлестіру;
  4. Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі жедел кезекшілік ұйымдастырылуы, құлақтандыру мен байланыс әзірлігі, материалдық-техникалық қор, азық-түлік және медициналық резервтердің құрылуын тексеру;
  5. ТЖ алдын алу және оны жою жөніндегі комиссияның, жедел штабтардың жұмысын ұйымдастыру;
  6. Қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының әзірлігін тексеру.

Қызылорда облысындағы Жалағаш ауданында «Қыс-2021» оқу-жаттығудың практикалық кезеңі өтті.
​Практикалық кезең жоспарына сәйкес Жалағаш ауданында орналасқан «АгроХолдингҚызылорда» ЖШС ауласында азаматтық қорғау қызметтерінің саптық қарауы өтті. Одан соң орын алған өртті сөндіру, авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстарын жүргізу, тұрғындарды төтенше жағдай аймағынан қауіпсіз орындарға көшіру, медициналық көмек көрсету және ТЖ зардаптарын жою барысы пысықталды. Осы кезеңге 8 құрылым, 65 адам, 16 техника, 1 кинологиялық есеп қатыстырылды.

Оқу-жаттығудың 2 кезеңі — «Жалағаш-Қармақшы» жергілікті маңызы бар автожолында соқтығысқан автокөліктерге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналды. Оқу-жаттығу барысында адамдарды эвакуациялау, құтқару және іздестіру, медициналық көмек көрсету барысы жасалды. Оған 5 құрылым, 43 қызметкер, 14 техника, 1 кинологиялық есеп қатыстырылды.

Оқу-жаттығудың 3 кезеңінде «Жалағаш-Қармақшы» жергілікті маңызы бар автожолында қар құрсауында қалған адамдарды эвакуациялау құтқару және іздестіру, медициналық көмек көрсету жұмыстары жасалды. Осы этапқа 7 құрылым, 52 қызметкер, 16 техника, 1 кинологиялық есеп атсалысты.

​Бүгінгі практикалық оқу-жаттығудың өткізілу кезеңдері мен жалпы мақсаты туралы Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Саид Молдақараев республикалық «Хабар» арнасына тұшымды сұхбат берді.
​

Қызылорда облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: