Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрылыс барысы тұрақты бақылауда

01.08.2026, 10:25 27

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қаладағы құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралады.
Алдымен Президент саябағы аумағында бой көтерген тоғыз қабатты 15 тұрғын үй кешеніне барды. Бас мердігер «Мелиоратор» ЖШС 8,2 гектар аумаққа тұрғындарға жайлы әрі сапалы баспана салуда. Жоба бойынша 945 пәтер жақын арада пайдалануға беріледі.

Жалпы кейінгі төрт жылда қаржыландырудың барлық көзінен 3,2 млн шаршы метр тұрғын үй табысталды. Кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін 6010 дайын пәтер сатып алуға 117,1 млрд.теңге қаржы қаралды.
Қызылорда облысында 2026-2030 жылдары 3,7 млн. шаршы метр тұрғын үй беру жоспары белгіленген. Биылғы меже — 950,0 мың шаршы метр тұрғын үй.

Келесі нысан – Сырдария өзені жағалауындағы қорғаныс бөгеті. Ұзындығы 3 шақырым аумақтың екі шақырымына геобекіткіш тор төселіп, таспен толтырылады. Қалған бөлігінде еңісті қалыптастыру қолға алынған. Сонымен қатар, жағалауды шайылудан қорғайтын арнайы тірек құрылымдары орнатылып жатыр. Тұрғындарға қауіпсіз әрі қолайлы болу үшін жаяу жүргіншілер жолы мен веложолақ салынуда. Бүгінде жұмыстың 50 пайызы аяқталған.

Облыс әкімі жауапты тұлғаларға құрылыс сапасы мен мерзіміне қатысты талаптарды ескертіп, тұрақты бақылауды тапсырды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: